"Нағыз қазақтың келіні": Елена Рыбакинаның мешітте орамалмен түскен суреті желіде қызу талқыланды
Опубликовано:
Қазақстанның ең үздік теннисшісі, WTA рейтингінде 10-орында тұрған Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында әйгілі мешітке бас сұқты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шейх Заид мешітінде түскен суретін Рыбакина өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.
Аталған суретті жанкүйерлер жылы қабылдап, пікір қалдырған.
"Нағыз қазақтың келіні", "Сізге орамал жарасады", "Нағыз қазақ қызы", "Елена, сіз мұсылмансыз ба?", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетелік, Елена Рыбакина Abu-Dabi Open турнирінде бақ сынап, ширек финалда бразилиялық Беатрис Аддад-Майядан үш сет қорытындысы бойынша ұтылып қалды.
Десе де, ол WTA рейтингінде оныншы орында келеді.
Елена Рыбакина 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы, 2023 жылғы Австралия ашық біріншілігінің финалисті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009102-nagyz-qazaqtyn-kelini-elena-rybakinanyn-mesitte-oramalmen-tusken-sureti-zelide-qyzu-talqylandy/