jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бакудегі Әлем Кубогында ел қоржынына екі алтын медаль түсті

    спорт
    Көрнекі фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Әзербайжан астанасы Бакуде батутта секіруден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтті. Жалпы жыл аяғына дейін 5 кезең жоспарланған. Бұл бәсекеде Ұлттық құрама 2 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Жекелей сында отандық спортшы Данил Мұсабаевқа тең келер ешкім болмады. Байрақты бәсекеде қарағандылық 59.240 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

    Сонымен қатар жұптық сайыста Данил мен Пирмаммад Алиев синхронды секіруде топ жарды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде 2 алтын жүлдеге қол жеткізді.

    Айта кетейік, Бакудегі жарыста 16 елден келген 60 таңдаулы гимнаст өнер көрсетті.

    Бакудегі Әлем Кубогында ел қоржынына екі алтын медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.