Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған қазақстандық 8 жылға спорттан шеттетілді

Жарияланған күні:

ауыр атлетика
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандық ауыр атлет және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон ұзақ уақытқа спорттан шеттетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандық ауыр атлет сегіз жылға, яғни 2030 жылдың наурыз айының соңына дейін спорттан шеттетіліп отыр.

Дисквалификация 2022 жылдың наурыз айынан есептеледі.

Допингке қарсы орталықтың мәліметінше, Игорь Сонның ағзасынан метастерон табылған.

Айта кетейік, Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болған еді. Сонымен қатар ол 55 келіге дейінгі салмақта 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010319-tokio-olimpiadasynda-qola-medal-zenip-algan-qazaqstandyq-8-zylga-sporttan-settetildi/