Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің 58-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен матчта Александр Бублик қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.
Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 116-орында тұрған нидерландтық Гийс Брувердің біреуімен ойнайды.
Еске сала кетейік, Александр Бублик жақында Монпелье турнирінде Грегуар Баррерге есе жіберген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010521-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-aleksandr-bublik-marsel-turnirinin-sirek-finalyna-syqty/