Дзюдодан Ташкенттегі Grand Slam турнирі қазақстандық спортшылар үшін аяқталды. Ең соңғы болып жүлдеге таласқан Камила Берліқаш әккі қарсыласына жол берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
78 келіден жоғары салмақта сынға түскен Камила турнир барысында Өзбекстан балуанын жеңіп, грузиялық қарсыласына есе жіберген.
Жұбаныш белдесуінде ол италиялық Элеонора Джериді ұтты.
Өкінішке қарай, қола медаль үшін күресте қытайлық Су Ксиннен "иппон" ұпайымен жеңіліп тапты. Естеріңізде болса, Камила Берліқаш күйеуі Исламмен бірге әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Ол отбасы мен жанұялық өмірі туралы да видеоларын жиі жариялайды.
Ташкенттегі турнирде қазақстандық дзюдошылар екі күміс жеңіп алды. Алдымен Нұрқанат Серікбаев (60 келі), кейін Данияр Шамшаев (73 келі) финалда ұтылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2011810-kuieuimen-birge-zelide-zuldyz-bolgan-qazaq-qyzy-taskenttegi-turnirde-zenilis-tapty/