jitsu gif
Спорт

    Әлемдік ұйым ресейлік миллиардердің бұрынғы әйелін қатаң жазалап, жарыстан шеттетті

    Әлішер Усманов және Ирина Винер
    Әлішер Усманов жұбайы Ирина Винерме Фото: Yuri Kadobnov/AFP/Getty Images

    Ресейлік миллиардер Әлішер Усмановтың бұрынғы әйелі, Бүкілресейлік көркем гимнастика федерациясының президенті Ирина Винер екі жылға халықаралық жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) тәртіптік комиссиясы Винерді екі жылға ірі жарыстарға бапкер ретінде қатысудан шеттеті. Бұған ресейлік жаттықтырушының Токио Олимпиадасынан кейін әлемдік ұйымды қатаң сынға алуы себеп болған.

    Естеріңізде болса, Токио Олимпиадасында Дина Аверина израильдік спортшыға жол беріп, жекелей сында күміс иеленген болатын. Бұл ресейлік жанкүйерлер мен бапкерлердің ашуын туғызып, Ирина Винер әлемдік ұйым мен төрешілерді әділетсіздік танытты деген желеумен кінәлады.

    Бұл халықаралық федерацияны қатал шешім қабылдауына мәжбүрлеген.

    Айта кетелік, ресейлік гимнастар әлемнің үздік спортшылары саналады. Винердің басшылығымен Ресей командасының гимнастары 2000 жылғы Сидней Олимпиадасынан бастап жекелей сындағы алтынды ешкімге берген емес.

    Тек 2020 жылғы Токио Олимпиадасында израильдік Ашрам Линой жеңіске жетіп, бұл Винердің ашуын тудырған.

    Әлемдік ұйым ресейлік миллиардердің бұрынғы әйелін қатаң жазалап, жарыстан шеттетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.