jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Сеулде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды

    Денис Никиша жарыс кезінде
    Денис Никиша. Фото: Сали Сабиров

    Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында өтетін шорт-тректен Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

    Байрақты бәсеке 10-12 наурыз аралығында өтеді. Сеулде ел намысын он бір спортшы қорғайды деп күтілуде. Олар:

    1. Ольга Тихонова,
    2. Яна Хан,
    3. Мадина Жанбусинова,
    4. Алина Әжғалиева,
    5. Малика Ермек,
    6. Әділ Ғалиахметов,
    7. Денис Никиша,
    8. Абзал Әжғалиев,
    9. Нұртілек Қажығали,
    10. Еркебұлан Шаймуханов,
    11. Антон Хван.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық конькимен жүгірушілер федерациясы (ISU) шорт-тректен әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысын жариялады.

    500 метрге жарысудан қазақстандық Денис Никиша топ жарды. Оның еншісінде 402 ұпай бар.

    Сеулде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.