jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ташкентте өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

    семсерлесу
    Фото: Спортты дамыту дирециясы

    Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына тағы 2 медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қылыштасудан ерлер құрамасы қола медаль үшін болған кездесуде Жапонияны 45:37 есебімен жеңді.

    Айта кетейік, отандық спортшылар жартылай финалда Өзбекстаннан 29:45 есебімен ұтылған болатын.

    Құрама сапында Бексұлтан Абжал, Қуаныш Эргашбай, Нұрсат Айтмырза мен Қайназар Нұркатұлы өнер көрсетті.

    Сонымен қатар жарыстың соңғы күні семсерлесуден ерлер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

    Финалда қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті. Есеп: 45:35.

    Жеңімпаз атанған қазақстандықтар – Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин, Георгий Тинников пен Александр Федотов.

    Айта кетейік, осыған дейін жекелей сында Александр Федотов күміс жүлдеге ие болған.

    Жастар арасындағы биылғы әлем чемпионаты сәуір айында Болгарияның Пловдив қаласында өтеді.

    Ташкентте өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.