Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония құрамасының 31 жастағы ойыншысы асқазанның қатерлі ісігінен қайтыс болды

Опубликовано:

Наонобу Фудзии ойын кезінде
Наонобу Фудзии. Фото: tass.ru

Токио Олимпиадасында Жапония намысын қорғаған волейболшы Наонобу Фудзии 31 жастында асқазанның қатерлі ісігінен көз жұмды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Наонобу Фудзии жұма, 10 наурыз күні қайтыс болды. Ол жапон волейболының тарихында өшпес із қалдырған еді. Біз оның жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Сондай-ақ оның сансыз ерлігі үшін бас иеміз", - делінген Жапония волейбол қауымдастығының хабарламасында.

Фудзии 1992 жылы туған. Ол жапондық Toray Arrows клубында өнер көрсетіп, кейін ұлттық құрамаға қабылданған.

2022 жылы волейболшыға төртінші деңгейлі асқазан ісігі диагнозы қойылып, кейін ісік мидың жұмысын ауырлатады.

Токио Олимпиадасында Жапония құрамасы ширек финалға дейін жетіп, Бразилиядан 0:3 есебімен жеңілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012578-zaponiya-quramasynyn-31-zastagy-oiynsysy-asqazannyn-qaterli-isiginen-qaitys-boldy/

pixel