Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Түсіпбеков Ауыр атлетика федерациясының президенті болды

Опубликовано:

Жанат Түсіпбеков
Жанат Түсіпбеков. Фото: confederation.kz

Жанат Түсіпбеков Ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Федерацияның мәліметінше, бүгін, 17 наурызда Астанада Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өткен.

Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер болған. Олар – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев. Алайда кандидаттардың бастамасымен және федерация мүшелерінің қолдауымен федерацияны Жанат Түсіпбековке басқару ұсынылған. Федерация мүшелері, 26 адам Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

"Бүгін маған білдірген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Бүгін біз бірігіп, әркімнің мүддесін ескере отырып, бір мақсатқа бірге қадам басуға бұрынғыдан да жақынбыз. Болашақта біз жаңа ұйымдық құрылым құруды көздеп отырмыз, осы мүмкіндікті пайдаланып Гаджи Шапиевичті де, Илья Александровичті де шақырғым келеді.

Өйткені, федерация қоғамдық ұйым және біз қоғам игілігі үшін жұмыс істеуіміз қажет. Бүгінгі таңда бізде қазақстандық ауыр атлетиканы жаңа деңгейге көтеру үшін бәрі бар", - дейді Жанат Түсіпбеков.

Айта кетейік, Жанат Рашидұлы 2013 жылдан 2022 жылға дейін Ауыр атлетика федерациясын басқарған. Оның басшылығы кезінде ауыр атлетика командасы сегіз рет олимпиададан жүлдемен оралған. (2016 жылы алты, 2020 жылы екі медаль).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013376-zanat-tusipbekov-auyr-atletika-federaciyasynyn-prezidenti-boldy/