Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХОК Украинадағы арнайы операцияға қарсы ресейлік спортшыларды қолдайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Олимпиада туы
Олимпиада туы. Фото: pixabay.com

Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын қолдамайтын спортшыларды жарысқа жіберу туралы халықаралық спорт федерацияларына ұсыныс жасады. Бұл туралы РИА спорт сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің кезекті сессиясы өтіп жатыр. Сессия барысында әлемдік жарыстардан аластатылған ресейлік спортшыларды халықаралық турнирлерге қатыстыру мәселесі талқылануда.

"Халықаралық жарыстарға жекелеген нейтралды спортшылар мен Украинадағы әскери қимылдарды белсенді түрде қолдамай, бейбіт олимпиадалық қозғалысқа қарсы шықпаған спортшылар шақырылуы мүмкін", - делінген ХОК мәлімдемесінде.

Айта кетелік, қаңтар айында ХОК атқарушы комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын нейтралды статуста жарысқа қатыстыру туралы ұсыныс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014412-xok-ukrainadagy-arnaiy-operaciyaga-qarsy-reseilik-sportsylardy-qoldaitynyn-malimdedi/

pixel