Азия чемпионатында жүлдегер атанған Қазақстан ұлттық құрамасы Əлем кубогына жолдама алды
Опубликовано:
Сингапурда су добынан Əлем Кубогына іріктеуге арналған Азия біріншілігі аяқталды. Еліміздің ерлер құрамасы Таиландты 18-7 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бұл сында Дамир Темірханов жаттықтыратын ерлер құрамасы Иранмен кездесіп, пенальти сериясында есе жіберді. Есеп: 14-15. Ал оған дейін отандық спортшылар Гонконг құрамасын ойсырата ұтты (22-7). Ал алғашқы жарыс күні Филиппиннен басым түсті. Есеп: 19-6.
Осыған дейін Әсел Жақаева баптайтын Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанған.
Олар барлық матчта жеңіске жетті. Осылайша, ерлер миен әйелдер құрамасы мамыр айында Берлинде өтетін Əлем кубогына жолдама алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014418-ulttyq-qurama-elem-kubogyna-zoldama-aldy/