Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың күйеуі Денис Рыпаков Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы атанды, деп хабарлайды yk.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Өскемен қаласында VIII сайланған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті. Онда депутаттар мәслихат төрағасы етіп Денис Рыпаковты сайлады.
Денис бұл қызметті бұрын да атқарып келген. Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Денис Рыпаков - 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1998-2006 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері, ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
Ал Денистің әйелі Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Ол биыл спорттық мансабын аяқтағанын ресми түрде мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014797-olga-rypakovanyn-kuieui-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.