Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада төреші өзіне қарсы шыққан ойыншыны теуіп жіберді (видео)

Опубликовано:

Төреші жасыл алаңда
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мексика чемпионатында төрелік ететін Фернандо Эрнандес "Леон" ойыншысы Лукас Ромероны матч кезінде теуіп жіберді. Төреші бұл әрекеті үшін қызметтен аластатылуы мүмкін, деп жазады РИА спорт сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аталған оқиға 2 сәуір күні футболдан Мексика чемпионатының 13-турында "Америка" мен "Леон" арасындағы кездесуде болды.

Кезекті кикілжіңдердің бірінде "Леон" футболшылары төрешіні қоршап алады. Ал Эрнандес болса, өзімен келіспеген ойыншылардың бірін тізесімен теуіп жіберген.

"Жанкүйерлер мен Лукас Ромеродан кешегі қылығым үшін кешірім сұраймын. Мен оған да, басқа да ойыншыларға ешқашан бұлай істемеуші едім. Енді мен лиганың тәртіптік комиссиясы қабылдайтын санкцияны қараймын", - деді төреші.

Лига ережесіне сәйкес, ол 15 матчқа дейін қатыса ойынға қатыса алмауы мүмкін. Сондай-ақ төрешіге ақшалай айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015231-meksikada-toresi-ozine-qarsy-syqqan-oiynsyny-teuip-ziberdi-video/

pixel