Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева қатарынан екі ойында жеңіске жете алмады

Жарияланған күні:

шахматшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістан астанасы Делидегі ФИДЕ Гран-приінің 9 туры артта қалды. Отандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем рейтингінде 9-орында тұрған грузиялық шахматшы Нана Дзагнидземен ойнап, тең түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Бибісара мен Нана 5 рет шеберлік байқасқан. Қазақстандық ойыншы 3 мәрте басым түссе, қарсыласы тек кездесуде жеңіске жеткен. Тағы бір партияда жеңімпаз анықталмаған.

Гран-придің аяқталуына небәрі 2 тур қалғанда Бибісара 5½ ұпаймен 1-орында келе жатыр. Ал 2-сатыда тұрған Жу Цзинердің орнын Александра Горячкина басты. Ресейлік шахматшының еншісінде 5 балл бар. Үздік үштікте қытайлық ойыншы қорытындылады (4½ ұпай).

Еске сала кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер арасындағы ойында да тең нәтиже тіркелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015368-bibisara-asaubaeva-qatarynan-eki-oiynda-zeniske-zete-almady/