Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық командада өнер көрсеткен Олимпиада жүлдегері өмірден өтті

Опубликовано:

спорт
Көрнекі фото: pexels.com

Кеңес одағының волейболшысы Лариса Берген 73 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Бүкілресейлік волейбол федерациясының (ВВФ) сайтына сілтеме жасап.

"Бүкілресейлік волейбол федерациясы Лариса Абрамовна Бергеннің өмірден өткенін өкінішпен хабарлайды. Лариса Абрамовнаның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Лариса Берген - кеңес үкіметінің құрамасы сапында 1976 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем кубогының жеңімпазы және Еуропаның екі дүркін чемпионы.

Ол кәсіби мансабында алматылық "Еңбек" пен мәскеулік "Динамо" сапында өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015969-almatylyq-komandada-oner-korsetken-olimpiada-zuldegeri-omirden-otti/

pixel