Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы атанған спортшы төсін үлкейтіп алғанын жанкүйер алдында мойындады

Жарияланған күні:

Яна Кудрявцева
Яна Кудрявцева. Фото: instagram/kudryavtseva_y

Көркем гимнастикадан әлемнің 13 дүркін чемпионы, ресейлік Яна Кудрявцева ерні мен төсіне пластикалық ота жасатқанын ашып айтты, деп хабарлайды "Спорт Экспресс" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"19 жасымда спортты қойған соң, бірден төсімді жасаттым. Уақыт өте келе мұның міндетті емес екенін түсінгендеймін. Сол кезде менде комплекс болғандықтан, осылай құтылғым келді. Ата-анам бұл әрекетіме қарсы болды. Ол кезде мен Питерде тұратын едім. Анам менің отадан кейінгі түрімді көріп, қорқып кетті. Оған бар шындықты айттым. "Құдай-ау, не үшін?", - деп тізерлеп отыра қалды. Соңына дейін сенбей, осы кезеңді ауыр қабылдады. Имплант бала емізуге кедергі болмайды. Ал ернімді бұдан екі жыл бұрын жасатып алғанмын", - деді Кудрявцева.

Яна Кудрявцева көркем гимнастикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол бүгінде хоккейшіге тұрмысқа шығып, екі бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016214-olimpiada-cempiony-atangan-sportsy-nelikten-tosin-ulkeitip-alganyn-moiyndady/