jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда Қазақстанның жазғы спартакиадасы басталды

    семсерлесу
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Алматы қаласындағы Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде семсерлесуден Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы басталды. Жарысқа 11 өңірдің спортшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    Жарыстың алғашқы күні "рапира" бәсекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Ерлер арасында 30 үміткер, ал әйелдер сайысында 29 спортшы бақ сынады.

    Ерлер:  

    1 орын – Тамирлан Қалиев (Абай облысы),

    2 орын – Ниязбек Сафинов (Абай облысы),

    3 орын – Никита Пономарев (ШҚО),

    3 орын – Ғалым Нұрымов (Алматы).

    Әйелдер:

    1 орын – София Ақтаева (Алматы),

    2 орын – Күлжан Түсіпбекова (Абай облысы),

    3 орын – Алина Искандерова (ШҚО),

    3 орын – Аяулы Өтеуленова (Абай облысы).

    Бүгіе "рапираданә командалық сайыстар өтеді. Одан кейін қылыш пен семсер бәсекесінің үздіктері анықталады.

    Спартакиада 15 сәуірде аяқталады.

    Айта кетейік, жарысқа қатысып жатқандардың арасында ұлттық құраманың Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Артем Саркисян сияқты үздіктері бар.

    Спартакиада қорытындысы бойынша олимпиадалық іріктеу турнирлері мен жазғы Азия ойындары сияқты халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері белгілі болады.

    Алматыда Қазақстанның жазғы спартакиадасы басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.