Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына берілетін төлем мөлшері белгіленді

Опубликовано:

бокс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мәдениет және спорт министрлігі "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы" бұйрығының жобасын әзірледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тиісті құжаттың "Ашық" НҚА порталында жарияланғаны белгілі болды.

Бұйрық жобада өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушыларға тағайындалатыны жазылған. Олар:

  • Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;
  • Осы спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға.

Жоғарыдағы ереже талабына сәйкес келетін спортшылар мен жаттықтырушылар өмір бойына алатын төлем төмендегідей:

  • Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш (345 000 теңге);
  • Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері немесе олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 100 айлық есептік көрсеткіш (345 000 теңге).

Айта кетейік, бұйрық-жобасы 26 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016631-sportsylar-men-bapkerlerge-omir-boiyna-beriletin-tolem-molseri-belgilendi/