Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күн бұрын ойынға қатысқан": ресейлік гандболшы қыз 29 жасында қайтыс болды

Жарияланған күні:

Виктория Дивак
Виктория Дивак. Фото: Ресей гандбол федерациясы

Ресейлік гандболшы Виктория Дивак 29 жасында көз жұмды. Бұл туралы Ресей гандбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Астраханочка" клубында ойнайтын спортшының неден қайтыс болғаны әзірге айтылған жоқ.

Белгісі, ол мәңгілік сапарға аттанардан бір күн бұрын ЦСКА клубына қарсы ойынға қатысқан.

Виктория гандболдан Ресейдің үш дүркін чемпионы атанған. Ол түрлі шетелдік және ресейлік командалардың намысын қорғады.

Ресей жасөспірімдер құрамасымен бірге 2009 жылы Еуропа чемпионы атағын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2017134-bir-kun-buryn-oiynga-qatysqan-reseilik-gandbolsy-qyz-29-zasynda-qaitys-boldy/