Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

29 жасында көз жұмған ресейлік гандболшы қыздың өлімінің себебі белгілі болды

Опубликовано:

спортшы
Виктория Дивак. Фото: Ресей гандбол федерациясы

Ресейдің үш дүркін чемпионы Виктория Дивактың өлімінің себебі белгілі болды. Гандболшы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды РИА Новости Рен ТВ-ға сілтеме жасап.

"Астраханочка" клубында ойнайтын спортшының денесі Астрахань қаласындағы София Перовская көшесінде орналасқан үйінің жанынан табылған.

Ресейдің тергеу комитеті 29 жастағы гандболшының өліміне байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған.

"Марқұм терезеден құлап кеткен. Жобамен жазатайым оқиға туралы әңгіме жүріп жатыр", - деп келтірілген дереккөз мәтінінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік гандболшы Виктория Дивактың көз жұмғанын жазған едік.

Виктория гандболдан Ресейдің үш дүркін чемпионы атанған. Ол түрлі шетелдік және ресейлік командалардың намысын қорғады.

Ресей жасөспірімдер құрамасымен бірге 2009 жылы Еуропа чемпионы атағын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2017149-29-zasynda-koz-zumgan-reseilik-gandbolsy-qyzdyn-oliminin-sebebi-belgili-boldy/

pixel