jitsu gif

    Отандық спортшылар Испанияда өткен беделді турнирде 10 медаль жеңіп алды

    спорт
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Күрестен Қазақстанның әйелдер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан 17, 20 және 23 жасқа дейінгі санаттағы Jovenes Promesas халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

    Қуаныш Жақсыбай баптайтын отандық спортшылар байрақты бәсекеде ел қоржынына 8 алтын 2 күміс медаль салды.

    50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53 келі), Айнұр Әшімова (55 келі), Нилуфар Раимова (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Тыныс Дубек (62 келі), Альбина Қайыргелдинова (65 келі) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.

    Екі күміс медальді Ирина Кузнецова (62 келі) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.

    Осылайша, командалық есепте қазақстандық балуандар 2-орынға ие болды.

    Отандық спортшылар Испанияда өткен беделді турнирде 10 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.