Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

спорт
Фото: Спортты дамыту. дирекциясы

Грекияның Родос қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде 500-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Дүбірлі додада ел қоржынына 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль түсті.

G09, яғни 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында классикалық шахматтан Аланна Берікқызы үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол швейцариялық жүйе бойынша 9 партияның сегізінде жеңіске жетті. Отандық спортшы шешуші матчта негізгі қарсыласы моңғолиялық Целмуун Идерден (8 ұпай) басым түсті. Жалпы бұл жас санатында 41 шахматшы сынға түсті.

Айта кетейік, Аланна бір жарым жылдың ішінде 4-разрядтан әлем чемпионы атағына дейін жетіп отыр. Осы нәтижесінің арқасында қазір Аланна Берікқызы G09 бойынша FIDE рейтингінде 1-орынға көтерілді.

Сонымен қатар бұл додада Әмина Қайырбекова да алтын жүлдеге қол жеткізді. Ол 17 жасқа дейінгі санатта 8 кездесуді ұтып, түркиялық Зейнеп Чифтинді (7,5 ұпай) артта қалдырды. Үздік үштікті 6 рет ұтып, бір рет тең түскен тағы бір түркиялық Элифназ Акат (6,5 ұпай) қорытындылады.

Күміс жүлдегер атанған қазақстандықтар: Нұрәлі Нуршин, (U07 жас санаты, 7,5 ұпай), Айсұлтан Бисалиев (U09 жас санаты, 7);

Қола жүлде алғандар: Ризат Ұлан (U07 жас санаты, 7 балл), Әлімжан Жауынбай (U09 жас санаты, 7 ұпай), Данис Қуандықұлы (U11 жас санаты, 6,5), Эдгар Мамедов (U13 жас санаты, 7), Далия Диасқызы (G11 жас санаты, 6,5).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2017995-eki-qazaq-qyzy-saxmattan-alem-cempiony-atandy/

pixel