Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлия Путинцева Мадридтегі турнирде әлемнің бесінші ракеткасымен ойнайды

Жарияланған күні:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші беделді жарыстың алғашқы айналымында АҚШ өкілі, әлемдік рейтингте 55-сатыда тұрған Клэр Люмен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен кездесуде Юлия Путинцева қарсыласынан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша, қазақстандық теннисші Мадрид WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алып отыр.

Енді Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасы, франциялық Каролина Гарсиямен ойнамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2018309-yuliya-putinceva-madridtegi-turnirde-alemnin-besinsi-raketkasymen-oinaidy/