Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұтылғанымды еркекше мойындаймын": Талғат Сырымбетов Ташкенттегі жеңіліске қатысты не айтты

Жарияланған күні:

Талғат Сырымбетов пен Мырзағали Айтжанов
Талғат Сырымбетов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Талғат Сырымбетов жеңіліс тапты. Жекпе-жектен кейін сұхбат берген спортшы ұтылғанын мойындайтынын жеткізді, деп хабарлайды бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Ұтылғанымды еркекше мойындаймын. Жекпе-жек өтіп кеткен соң, төрешілердің жұмысына қатысты ештеңе айтпаймын. Бұл менің қайтадан мықты болып оралуыма көмектесері сөзсіз. Жеңілгенім үшін қазақстандықтардан кешірім сұраймын", - деді Сырымбетов.

Бүгін әлем чемпионатының 1/16 финалында Сырымбетов Иордания өкілі, Азия чемпионы Мохамед Абу-Джаджехпен жұдырықтасып, 1:4 есебімен ұтылып қалды.

1 мамыр күні өткен алғашқы жекпе-жегінде Талғат таиландық қарсыласын жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан командасының бір боксшысы екінші кезеңде жеңіліс тапты. Жарысты әрі қарай 12 боксшы жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2019245-utylganymdy-erkekse-moiyndaimyn-talgat-syrymbetov-taskenttegi-zeniliske-qatysty-ne-aitty/