Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлеттердің жеңіс тұғырына өз елінің туымен шығуына тыйым салынады

Опубликовано:

Жазира Жапарқұл жеңіс тұғырында
Жазира Жапарқұл жеңіс тұғырында. Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы спортшылардың марапаттау рәсіміне ту алып шығуына тыйым салады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Халықаралық ауыр атлетика (IWF) федерациясының президенті Мохаммед Джалудтың айтуынша, бұл қадам арқылы кімнің мықты екені туралы сұрақтардың шешімі табылмақ.

"Бұл - спорт. Біз кімнің мықты екенін емес, бейбітшілікті насихаттаймыз. Біз Ереванда болған оқиғаны есепке алдық, сондай-ақ, кішкентай тұғырдың үстінде туын ұстап, бір-бірін итеретін спортшылардың жағдайы да есте", - деді Джалуд.

Айта кетелік, 14 сәуір күні Ереванда өткен Еуропа чемпионатының ашылу рәсімінде жиынға қатысушылардың бірі Әзірбайжан туын тура сахна үстінде өртеп жіберген.

Ал 2022 жылы Албанияда өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында түркиялық Эмре Өзтүрік өз елінің туымен Армения мемлекетінің туын жаппақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2019614-auyr-atletterdin-zenis-tugyryna-oz-elinin-tuymen-syguyna-tyiym-salynady/

pixel