Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақ баласы финалға шықты. Ол - Өзбекстан намысын қорғайтын Руслан Абдуллаев, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
63,5 келі салмақта сынға түсетін Абдуллаев жартылай финалда армениялық боксшы, Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы Ованес Бочковты жеңді.
Кездесу барысында Руслан қарсыласын нокдаунға да жіберіп үлгерді.
Осылайша, Абдуллаев 20 жасында әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Финалда ол моңғолиялық Баатарсух Чинзорингпен жұдырықтасады.
Айта кетелік, Қазақстан командасы сапынан төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020355-ozbekstan-namysyn-qorgaityn-20-zastagy-qazaq-balasy-finalga-syqty/