Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барымды салдым": әлем чемпионатының финалында жеңілген Бекбауов жекпе-жектен соң не айтты

Жарияланған күні:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өзбек боксшысынан жеңілген Дулат Бекбауов кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов финалда Өзбекстан өкілі Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңілді.

Осыдан кейін отандық боксшы ақтық мәредегі жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

"Ассалаумағалейкум қазақ елі. Финалдық жекпе-жегімді өткіздім. Аллаға шүкір, күміс жүлдеге ие болдым. Финалда жергілікті боксшыға қарсы жұдырықтасқандықтан, аянып қалмадым. Барымды салдым. Ешкімнің кінәсі жоқ. Бапкерлер қойып берген тактиканы толық орындай алмадым. Алла қаласа, алда бұдан да үлкен белестерді бағындыратын боламын", - деді Дулат Бекбауов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020414-barymdy-saldym-alem-cempionatynyn-finalynda-zenilgen-bekbauov-zekpe-zekten-son-ne-aitty/