Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының капитаны алтын медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

боксшы
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы финалда Өзбекстан өкілі Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен Асланбек Шымбергенов жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионы атанды.

Еске сала кетсек, кеше, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал бүгін Махмұд Сабырхан ел қоржынына алтын медаль салды.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020478-alem-cempionaty-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-altyn-medal-zenip-aldy/