Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Опубликовано:

спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Артём Захаров GP Framar турнирінде омниумда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

"Велотректен Ұлттық құрама Чехия Республикасының астанасы Прагадағы GP Framar атты халықаралық турнирге қатысты. Бәсеке барысында Артём Захаров өзінің оң жамбасына келетін омниум бағдарламасында жеңімпаз атанды. Отандасымыз жарыста 117 ұпай жинады. Күміс жүлде украиналық, қола латвиялық шабандоздың еншісінде.

Барлығы бұл бәсекеге 17 елден 140-қа жуық спортшы қатысты", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020670-qazaqstandyq-sportsy-xalyqaralyq-turnirde-zenimpaz-atandy/