jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Рим турнирінің финалына шықты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина: ktf.kz

    Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина (Қазақстан) осы күндері италиялық Римде өтіп жатқан теннистен "Мастерс" сериясы турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жартылай финалда Рыбакина Латвия өкілі Елена Остапенкомен кездескен.

    Қазақстандық спортшы бірінші сетті сәтті орындап, оны 6:2 есебімен жеңді. Екіншісінде Рыбакина сәл осалдық берді. Алайда матч біраз уақытқа тоқтатылғаннан кейін ол ойынға қайта оралды.

    Рыбакина камбэк жасап, сетте 6:4 есебімен жеңді. Теннисшілер кортта бір сағат 41 минут уақыт өткізді. Елена Рыбакина теннис добын алты рет алаң сыртына шығарып алып, екі бірдей қате жіберген.

    Финалда қазақстандық спортшы украиналық Ангелина Калининаға қарсы шығады.

    Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Рим турнирінің финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.