Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Римдегі беделді "Мастерс" турнирінде жеңіске жетті

Опубликовано:

Елена Рыбакина жеңістен соң
Елена Рыбакина. Фото: t.me/RRaketkasi

Әлемдік WTA рейтингінде 6-орында тұрған қазақстандық Елена Рыбакина өз мансабындағы тағы бір маңызды жүлдені ұтып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық теннисші Италияның Рим қаласында өткен "Мастерс" турнирінде қарсылас шыдатқан жоқ.

Ол финалда әлемдік рейтингте 47-орында тұрған украиналық Ангелина Калининамен кездескен болатын. Рыбакина бірінші сетте 6:4 есебімен ұтты.

Ал екінші сетте Елена 1:0 есебімен алда тұрған. Бірақ қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Рыбакина өз мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Турнир барысында Елена италиялық Жасмин Паолиниді, ресейлік Анна Калинскаяны, чехиялық Маркет Вондорушованы, әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекті, латвиялық Елена Остапенконы жеңген еді.

Бұған дейін ол "Уимблдон" турнирінде жеңіске жетіп, "Ролан Гаррос" додасының финалында сүрінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021416-elena-rybakina-rimdegi-bedeldi-masters-turnirinde-zeniske-zetti/