Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда өткен Әлем кубогында отандық спортшылар 61 медаль жеңіп алды (фото)

Жарияланған күні:

кикбоксинг
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан кикбоксингтен Әлем кубогында 61 медаль жеңіп алды. Байрақты бәсеке Түркияда өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Стамбул қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанса, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы - Нұрболат Рысмағанбетов.

Еске сала кетейік, Түркияның Стамбул қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан командасы сенсация жасап, тарихта алғаш рет шпагадан командалық жарыста топ жарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021705-turkiyada-otken-alem-kubogynda-otandyq-sportsylar-61-medal-zenip-aldy-foto/