Әсем Орынбай стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Отандық спортшы скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ.
Финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхон мен Әсем 50 ұпайдан жинап, тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет қана нысанаға дәл тигізе алды.
Қола медаль тағы бір үндістандық Даршна Ратхорға бұйырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда стенд атудан Əлем кубогының кезеңі басталғанын жазған едік.
Ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әлемдік деңгейде жоғары жетістікке жетіп жүрген Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенкоға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021775-almaty-oblysy-akiminin-qolynan-paterdin-kiltin-algan-sportsy-alem-kubogynyn-zenimpazy-atandy/