Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тию деген болады": Сабина Алтынбекова жеке өмірі мен алдағы жоспары туралы айтты

Жарияланған күні:

Сабина Алтынбекова
Сабина Алтынбекова. Фото: instagram.com/altynbekova_20

Отандық бағдарламаға сұхбат берген волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өмірі, баласының болашағы мен мансабы туралы ағынан жарылды. Сондай-ақ Сабина ажырасуға қатысты қауесеттерге де жауап берді, деп хабарлайды НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сабина Алтынбекова ұлы туралы журналистің сұрақтарына жауап беріп, баласының спортқа сай мінезі барын жасырмады.

"Көмекшілерім бар, анам бар. Еш алаңдамаймын. Үнемі сағынып жүремін. Баламның қылықтары басталды. Оған 1 жас 7 ай. Мінезі де шығып келе жатыр. Спортқа тән мінезі бар" - деді ол.

Сондай-ақ волейболшы ажырасуға қатысты ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Мен Instagram-да ажырсуға қатысты әңгімелер өтірік екенін айтқан болатынмын. Бізде бәрі жақсы. Жақында әдемі видеоларымызды салып бастаймын. Аз болса да, өте жақсы суреттер болады.

Көз тиеді деген болады. Сондықтан бізге зияны мен кесірі тиіп кетпеуін ойлаймын. Алдын аламын" - деді ол.

Алтынбекова БАӘ жарысына күз айларында аттанбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022296-koz-tiyu-degen-bolady-sabina-altynbekova-zeke-omiri-men-aldagy-zospary-turaly-aitty/