Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызды матчқа қатысқандарға ақша төлене ме: өнер иелері жауап берді

Опубликовано:

"Қайрат" пен "Алатау" командасы
Алаңда "Қайрат" пен "Алатау" командасы. Видеодан кадр: youtube.com/@NTK_Entertainment

Алматыда кәсіби футболшылар мен шоу-бизнестегі әуесқой аяқдопшылардың тартысты ойыны болған. Бұл туралы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, спорт пен шоу-бизнес өкілдерін бір алаңда тоғыстырған матч "Қайрат" командасының бапкері Рикардо Каканың футболмен қоштасуына байланысты өткізілген. Сол себепті бұл ойынды "достық кездесу" деп атаған.

"Бұл қарсыластармен бір ретте ойнағанбыз. Ол кезде теңбе-тең болды ғой деймін. Ұмытып қалдым. Қызықты болады деп ойлаймын. Шоу ғой, қызықты болады деп ойлаймын. Кәсіби футболшылар емес, бірақ әрине бұлар жұлдыздар арасындағы әлем чемпионы", - деді "Қайрат" командасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов.

Матчқа шоу-бизнес өкілдерінен футбол ойынына актер Тәуекел Мүсілім, актер Махамбет Мырза, әнші Ғаділбек Жанай, Режиссер Әнуар Мәтжанов және тағы басқа өнер иелері қатысты.

"Жігіттер жақсы дайындалды негізі. Қыс бойы залда ойнап, "Қайрат" футзалында ойнадық. Мен енді кішкене қолым бос болмағаннан кейін келе алмадым. Өйткені үйдегі бала-шаға бар, 2 баланы қарауы бар оның үстіне жұмыстарымыз бар", - деді актер Тәуекел Мүсілім.

Сонымен қатар осы матчта блогерлер де төбе көрсетті.

"Кейбіреулер осы арқылы ақша тапқысы келеді. Кейбіреулерге атақ керек шығар, білмеймін. Гонорар алмаймыз, "Алатау" мүлде алмайды. Мына жерде қанша жұлдыз жүр, әншілер болсын, ешкім алмайды. "Алатау" үшін ойнап, кішкене спортпен айналысуға келеді", - дейді Sekavines атымен танылған блогер.

Қызығы, өнер өкілдері үздік ойын көрсетіп бұл матчта Тәуекел Мүсілім, Ғаділбек Жанай, Рикардо Кака, Дәурен Тұрсағұлов қарсылас қақпасына гол соққан. "Қайрат" пен "Алатау" командаларының кезекті жолдастық кездесуі 7:7 тең есебімен аяқталған.

"Жалпы өнер адамдары енді эмоцияны жақсы көреді ғой. Қай жерде эмоция, сол жерде өнер адамдары. Бір жағынан бұрында айтатын едік қазақтың басы тек тойда қосылады деп, қазір осы шоу матчтарда қосылатын болды", - деді әнші Ғаділбек Жанай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022309-zuldyzdy-matcqa-qatysqandarga-aqsa-tolene-me-oner-ieleri-zauap-berdi/

pixel