Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында отандық спортшылар түсініксіз жағдайға тап болды

Опубликовано:

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы. Фото: instagram/kazteam_official

Филиппин астанасы Манилада көркем гимнастикадан Азия біріншілігі өтіп жатыр. Аталған сынға қатысқан Қазақстан құрамасы марапаттау рәсімінде түсініксіз жағдайға тап болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ересектер арасындағы командалық көпсайыстан Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алған болатын. Біздің спортшылар 305,6 ұпай жинап, күміс медаль иеленсе, Қытай құрамасы 304,15 ұпаймен қола жүлде еншілеген.

Алайда марапаттау рәсімінде қытайлықтар екінші, қазақстандықтар үшінші орыннан көрінді.

Кейін ұйымдастырушылар қателік жібергенін мойындап, марапаттау рәсімін қайтадан өткізетін болды.

Бұдан бөлек, Қазақстан еншісінде тағы бір медаль бар. Жасөспірімдер арасындағы топтық жаттығуда біздің команда екінші орынға табан тіреді.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топтық жаттығудан бөлек, жекелей сында да спортшылар бақ сынайды. Ел намысын Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы және Милана Парфиловалар қорғауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023091-korkem-gimnastikadan-aziya-cempionatynda-otandyq-sportsylar-tusiniksiz-zagdaiga-tap-boldy/