jitsu gif
Спорт

    Джиу-джитсудан әлемнің вице-чемпионы 32 жасында кенеттен көз жұмды

    Джиу-джитсу белбеуі
    Джиу-джитсу белбеуі. Көрнекі фото: mma.metaratings.ru

    Франциялық спортшы Сандра Бади 32 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сандра джиу-джитсудан 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алдын ала болжам бойынша, спортшының жүрегі тоқтап қалған.

    "Бади біздің клубтағы ең жарқын тұлға болатын. Оның орны ойсырап тұр. Біз оның отбасына қолдау көрсетеміз", - делінген спортшы өнер көрсеткен "Сумулу" клубы таратқан хабарламада.

    2022 жылы өткен Бүкіләлемдік ойындарда Бади командалық сында қола медаль жеңіп алды,

    Сондай-ақ Бади Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанған.

    Бұған дейін 32 жастағы Олимпиада чемпионы Тори Боуидің мезгілсіз қайтыс болғанын хабарлаған едік.

    Джиу-джитсудан әлемнің вице-чемпионы 32 жасында кенеттен көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.