jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Рыбакинаның басты бәсекелесі Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына 29 минутта шықты

    Ига Швентек
    Ига Швентек. Фото: Sarah Stier/Getty Images

    Әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    1/8 финалда польшалық Украина теннисшісі Леся Цуренкомен шеберлік байқасты.

    Бірінші сетте есеп 5:1 болған уақытта украиналық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.

    Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына 29 минуттың ішінде жолдама алды.

    Айта кетейік, Ига Швентек қазіргі уақыттағы әлемнің үздік теннисшісінің бірі. Ол Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен бес рет кездескен. Оның төртеуінде отандық спортшы жеңіске жетті.

    Рыбакинаның басты бәсекелесі Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына 29 минутта шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.