Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Опубликовано:

Анастасия Рыпакова
Анастасия Рыпакова. Фото: Алексей Губанов

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жеңіл атлетикадан Азия біріншілігі өтіп жатыр. Ел қоржынына кезекті жүлдені Анастасия Рыпакова салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рыпакова ұзындыққа секіруден сынға түсіп, турнирдің басты фавориттерінің бірі болған.

Алайда ол бір ай бұрын өткен Қазақстан чемпионатындағы нәтижесін тіркей алған жоқ. Елішік сында Анастасия 6,21 метрді бағындырған еді.

Азия біріншілігінде Рыпакова 5,9 нәтижесін бағындырды. Осылайша, Қытай мен Үндістан спортшыларына есе жіберген ол қола жүлдегер атанды.

Айта кетелік, Анастасия Рыпакова үш қарғып секіруден әлем және Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023576-olga-rypakovanyn-qyzy-aziya-cempionatynda-uzdik-ustikke-endi/