Top.Mail.Ru
RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Аутизмге шалдыққан қазақ баласы Франциядағы әлемдік жарыста төрт медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Дастан Ордабай жарыс кезінде
Дастан Ордабай. Фото: Дамуында ерекшелігі бар жандарға арналған спорт федерациясы

Аутистік спектрінің бұзылысы бар қазақстандық спортшылар Франциядағы ірі жарысқа қатысты. Бұл туралы Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аутизм спектрінің бұзылуы (аутизм) бар қазақстандық спортшылар алғашқы рет 4-10 маусым аралығында Францияның Виши қаласында өткен халықаралық VI Virtus Global Games ойындарына қатысты.

Virtus Global Games халықаралық ойындары - бұл интеллектуалды кемістігі бар спортшылар өзара жарысатын әлемдік турнир. Ол әр 4 жыл сайын Паралимпиада ойындарына бір жыл қалғанда өткізіледі.

Аталған жарысқа әлемнің алпыс мемлекетінен мыңнан аса спортшы қатысты. Қазақстан атынан 16 жастағы Дастан Ордабай мен 19 жастағы Амир Алпамыс бақ сынап, велоспорт пен жүзуде сынға түсті.

Қазақстан командасы Virtus Global Games халықаралық ойындарына алғаш рет қатысқанына қарамастан, төрт медаль жеңіп алды.

Аутизм санатындағы спортшылар арасында велоспорттан 12 команда өзара мықтыны анықтаған болатын. Бұл дисциплина бойынша Дастан Ордабай 4000 метрлік жекелей сыннан, 1000 метрлік гит және 200 метрлік спринт бойынша екінші орын иеленіп, 3 күміс медаль еншіледі. Командалық есепте Қазақстан құрамасы аутизм санатындағы қатысушылар арасында 2-орынға ие болып, күміс медальмен марапатталды.

Дастан Ордабай жүлделерімен
Дастан Ордабай. Фото: Дамуында ерекшелігі бар жандарға арналған спорт федерациясы

"Біз Қазақстанның зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдары үшін әлемдік жоғары жетістіктер спортына жаңа жол ашып, тарихта қалдық", - дейді Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.

Virtus халықаралық додасына интеллектуалдық дамуы бұзылған адамдардың үш тобы қатыса алады. Олар:

  • жеңіл ақыл-ой кемістігі бар спортшылар;
  • ақыл-ой кемістігі және айтарлықтай қосымша бұзылулары бар спортшылар (Даун синдромы);
  • аутизм немесе аутистік спектрінің бұзылуы бар спортшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024623-autizmge-saldyqqan-qazaq-balasy-franciyadagy-xalyqaralyq-zarysta-tort-medal-zenip-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif