Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.
Отандық теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина басымдылық танытты - 7:6 (7:1).
Алайда содан кейін хорватиялық спортшы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі сетте басым болды (6:3, 6:4).
Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена Рыбакина 15 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты мүлт жіберді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025865-elena-rybakina-berlin-turnirinin-sirek-finalyna-syga-almady/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.