Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы халықаралық турнирге қатыспайтынын айтты. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Рыбакина бүгін әлемнің 75-ракеткасы, қытайлық Ван Сиюмен кездесуі тиіс болатын. Алайда Еленаның жарыстан бас тартуына байланысты кездесу өткізілген жоқ.
"Өкінішке қарай, бүгін Истборндағы жарыстан бас тартуға мәжбүрмін. Парижде ауырып қалған соң, қалпыма келу расында қиын болды. Берлинде тағы бір кішігірім проблема шықты. Сондықтан командамызбен бірге осы аптада қалыпқа келіп, "Уимблдонға" дайындалуды жөн көрдік. Истборндағы турнирге келесі жылы ораламын деп сенемін", - дейді Рыбакина.
Айта кетелік, Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында жарыстан бас тартты.
Сондай-ақ Берлиндегі АТР-1000 турнирінен де Рыбакина жарақатына байланысты шығып қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2026453-rybakina-uimbldon-qarsanynda-tagy-bir-turnirden-bas-tartty/