Уимблдон кезекті рет әлемнің ең мықты теннисшілері үшін есігін айқара ашты. Ақ түсті киім, көгал корттары және ауыз толтырып айтуға тұрарлық қатусышылар құрамы. Олардың қайсысы 2023 жылғы ағылшынның басты олжасы үшін шайқас жүргізеді екен?
Уимблдонның қазіргі чемпионы мәртебесінде екінші "Үлкен дулыға" кубогын қанжығасына байлау мақсатымен жауапты сапарға шыққан Елена Рыбкинадан басқа, турнирге тағы бірнеше қазақстандық теннисші қатысады.
Жұпсыз разрядтың негізгі торында жақында әлемдік рейтингтегі позициясын жаңартқан Александр Бублик венгр спортшысы Мартон Фучовичпен кездеседі. Михаил Кукушкиннің қарсыласы америкалық Джейсон Бруксби болады.
Ерлер арасындағы жұптық разрядта да қолдау көрсететін адам бар. Александр Недовесов пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге, сондай-ақ Андрей Голубев украиналық теннисші Денис Молчановпен бірге Уимблдон жеңімпаздарының қатарына кіру мүмкіндігі үшін шайқас жүргізеді.
Қазақстанның екінші ракеткасы - Тимофей Скатовқа - іріктеу матчтарының бірінші күнінен бастап, сәтті өтті деп айту қиынға соғады. Жас спортшы бельгиялық Киммер Коппеянсқа екі тай-брейкпен үш сетте жол беріп алды: 6:7, 6:4, 7:6.
Уимблдонның негізгі торы жақын арада басталмайтынына қарамастан, біз қызықты болып көрінуі мүмкін бірнеше іріктеу матчтарына назар аударуды ұсынамыз.
Зизу Бергс – Киммер Коппеянс
"Бельгиялық дерби" - бұл қарсыластарды дәл осылай атауға болады. Спортшылардың бүкіл мансабында төрт кездесу болып, әрқайсысы екі рет жеңіске жеткен. Бұл матч әсерге толы болып өтеді, өйткені ол тек екі спортшының кім мықты екендігін анықтау ғана емес, сонымен қатар Уимблдонның негізгі торына шығуы мүмкіндігі бар шайқас.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
Зизу Бергс – 1.24, Киммер Коппеянс – 3.75
Александр Ковачевич – Йеспер Де Йонг
Алдыңғы жұптан айырмашылығы, америкалық және голландиялық теннисшілер корттарда кездесіп көрген жоқ. Алайда, бұл олардың жеңіске деген мотивациясын бәсеңдетпейді. Жанкүйерлер Ковачевич пен Де Йонгтың техникалық және жігерлі теннисіне куә болады.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
Александр Ковачевич – 1.94, Йеспер Де Йонг – 1.80
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2026620-patsalyq-korkemdilik-angliyada-ulken-dulyga-turniri-bastaldy/