Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолымыз екіге айырылды": Илья Ильин командаласы Седовтың қазасына байланысты не айтты

Жарияланған күні:

Владимир Седов жеңіс тұғырында
Владимир Седов. Фото: instagram/ilyailyinforever

Ауыр атлет Владимир Седовтың қазасына байланысты Илья Ильин көпшілікке көңіл айтты. Ильин Седовтың арқасында жаттықтырушылық қызметте өскенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін қазақстандық және әлемдік ауыр атлетиканың орны толмас қайғыға ұшырағанын естідім. Менің әріптесім, ауыр атлет, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы Владимир Седов өмірден өтті.

Ол әлем чемпионы әрі әлем чемпионаттарының жүлдегері. Қазақстан чемпионатының рекордшысы. Өзімнің және отбасымның атынан Володяның жанұясына, достары мен жақындарына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын.

2014 жылы Володя менің командам атынан әлем чемпионатына қатысып, күміс медаль жеңіп алды. Осы жеңістің арқасында мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алдым. Сол үшін оған алғысым шексіз. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жолымыз екіге айырылды. Десе де, мен оны спортшы және мықты тұлға ретінде әрдайым сыйладым.

Володя жоғары деңгейдегі кәсіби спортшы болатын. Ақылды, талантты еді. Әлі талай чемпиондарды тәрбиелейтін еді. Бірақ тағдыры басқаша өрбіді. Трагедия болды. Тағы да қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды Ильин.

Айта кетелік, Владимир Седов 35 жасында жарық дүниемен қош айтысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2026641-zolymyz-ekige-aiyryldy-ilya-ilin-komandalasy-sedovtyn-qazasyna-bailanysty-ne-aitty/