Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырқатым оңай болған жоқ": Елена Рыбакина Уимблдон қарсаңында мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Елена Рыбакина баспасөз мәслихатында
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина биылғы жарыстағы алғашқы қарсыласы туралы ойын бөлісті. Бұл туралы ktf.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық теннис алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспент кездеседі. Матч 4 шілде күні өтеді.

"Біз Шелби екеуіміз бірнеше рет ойнадық. Соның ішінде екі рет көгалдағы төсеніште кездестік-ау деймін. Ол – мықты ойыншы, допты қатты береді. Сондықтан маған оңайға түспейді. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Қолымнан келгеннің бәрін істеуге тырысамын. Алғашқы матчта орталық кортта өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Оған қоса турнирге чемпион ретінде келудің өзі мүлде бөлек нәрсе. Жарыстарға осылай келе беремін деп үміттенемін. Мақсат біреу – жеңімпаз болу. Орталық үлкен кортта ахуал әрқашан ерекше. Қанағат алып, ойнап, жеңемін деп ойлаймын", - деді Рыбакина Лондондағы баспасөз мәслихатында.

Шелби Роджерс пен Елена Рыбакина өзара бес рет кездесіп, үшеуінде қазақстандық теннисші басым түскен. Америкалық спортшы 2020 жылы хард төсенішінде US Open додасында, 2022 жылы Хертогенбоста көгалда ұтқан.

Ал Рыбакина 2021 жылы көгалда Берлин мен Уимблдонда, сондай-ақ 2022 жылы Аделаидада Роджерсті жеңді.

Қазақстандық теннисші, сонымен қатар дайындық мәселесіне де тоқталып өтті.

"Әзірлік бізде жақсы болды, бірақ толық дайындалып үлгерген жоқпыз. Өз мүмкіндігімізге қарай барлығын жасадық. Бұл Ролан Гарростан кейін оңай болған жоқ. Себебі сырқатыма байланысты уақыт керек болды – бір апта бойы ештеңе істеген жоқпын, тек содан кейін жайлап бастадым", - деді Елена.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027343-syrqatym-onai-bolgan-zoq-elena-rybakina-uimbldon-qarsanynda-malimdeme-zasady/

pixel