jitsu gif
Спорт

    "Қазақ, қырғыз - батырданбыз": жеңіс тұғырында құшақтасқан жас спортшылар елді тәнті етті (видео)

    Жеңіс тұғырындағы спортшылар
    Жеңіс тұғырындағы спортшылар. Фото: instagram/el.kz

    Әлеуметтік желіде жеңіс тұғырының бірінші, екінші сатысында тұрған қазақ пен қырғыз спортшыларының видеосы тарады. Жас спортшылардың бір-біріне деген құрметі көпшіліктің ықыласын туғызды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видеода байқалғандай, жарыс Қырғызстанда өткен. Әзірге турнирдің қандай спорт түрінен ұйымдастырылғаны белгісіз. Бірақ спортшылардың жекпе-жек түрлерінен сынға түскені байқалады.

    Марапаттау рәсіміне спортшылар өз елдерінің туын көтеріп, ұлттық бас киімдерімен шыққан.

    Кейін қырғыз спортшысы өзінің айыр қалпағын қазақ баласына кигізіп, өзі Қазақстанның туы бейнеленген бас киімді алды.

    Желіде жас спортшылардың тәрбиесі мен ізеттілігін көпшілік жарыса жазуда.

    "Қазақ, қырғыз - батырданбыз": жеңіс тұғырында құшақтасқан жас спортшылар елді тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.