Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аян Бейсенбаев триатлоннан Азия Кубогынде үздік үштікке енді

Опубликовано:

Аян Бейсенбаев жеңіс тұғырында
Аян Бейсенбаев жеңіс тұғырында. Фото: kazsports.kz

Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында триатлоннан Азия Кубогы аяқталды. Бұл сында қазақстандық спортшы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасындағы "элита" санатында отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағындырды.

Аян күміс жүлде алған жапониялық Рен Сатодан 7, чемпион атанған жапониялық Аоба Ясумацудан 20 секунд қалып кетті.

Жалпы жарыс жолына алпыстан астам атлет шыққанын айта кетейік.

Құрлық Кубогының жалпы жүлде қоры - 12 мың АҚШ доллары. Оның ішінде чемпиондар 1500, күміс жүлдегерлер 1200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды.

Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден астам кәсіби спортшы жиналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027532-ayan-beisenbaev-triatlonnan-aziya-kubogynde-uzdik-ustikke-endi/

pixel