Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмат Шанин ауылының 60 жылдығына орай бірқатар спорттық іс-шара өтеді

Опубликовано:

Жұмат Шанин ауылы
Жұмат Шанин ауылы. Фото: ult.kz

Күркелі ауылдық округіне қарасты Жұмат Шанин ауылының 60 жылдығына орай спорттық іс-шаралар өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

16 шілде күні өтетін спорт мерекесінде бірнеше спорт түрінен жарыс өтеді. Атап айтар болсақ, бес шақырымдық марафон, қазақ күресі, асық ату, арқан тартыс, кір көтеру, ұлттық ат спорты түрлері мен балалар футболынан жеңімпаздар анықталады.

Аталған жарысты өткізудегі басты мақсат - дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, ауыл тұрғындарын спортқа баулып, спорттық қабілетін арттыру.

Сондай-ақ салтанатты іс-шара аясында "Ақмешіт" асханасы мен Жастар орталығының ашылу салтанаты өтеді.

Жұмат Шанин ауылы Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданына қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028408-zumat-sanin-auylynyn-60-zyldygyna-orai-birqatar-sporttyq-is-sara-otedi/

pixel