jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Маған әсер еткен жоқ": Рыбакина лондондық жанкүйерлердің өзін емес, қарсыласын қолдағанын айтты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі жеңілістен соң өз ойын білдірді. Бұл туралы теннис федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Турнирдің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болғанын айтты.

    "Ойын ауыр болғанымен, мен мұнда тамаша екі апта өткіздім. Маған жанкүйерлердің қарсыласымды көбірек қолдағаны әсер ете қойған жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, ол сәттірек ойнады.

    Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда менің басты қаруым саналатын доп берудегі дәлдігім жетіспеді. Есесіне ол шешуші сәттерде өте дәл ойнай білді. Жарысқа чемпион ретінде келу мен үшін жаңаша болды.

    Мен алғашқы матчтарымды табысты өткізгеніме мақтанамын, өйткені солардың өзі оңайға түскен жоқ. Әр ойын сайын күшті бола түстім. Енді Америкадағы турнирлер алдында жұмыс істеуім керек. Осы екі аптадан оң тәжірибе жинадым. Биыл ата-анамның осында келе алғанына қуаныштымын. Кішкене демалып, сосын дайындыққа кірісемін деп үміттенемін", - деді Рыбакина.

    Биыл төртінші "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионаты 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында өтеді.

    "Маған әсер еткен жоқ": Рыбакина лондондық жанкүйерлердің өзін емес, қарсыласын қолдағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.